Қазақстандағы өмір дамуының асау ағысында жаңадан іс бастап жатқан кәсіпкер
не қоғам қайраткері Қазақстан Республикасында өз қызметін неден бастап, қалай
заңдастыратынын, көмек сұрап қайда жүгінуге болатынын білгісі келеді.
            Қазақстан Республикасында заңды қызметті жүзеге асыра бастаудан бұрын, заңды
тұлғаны Юстиция тіркеуші органында тіркеуден өткізу керек. Алайда, заңды тұлғаларды
тіркеуден өткізу әліппесін білмейтін және дағдыларын меңгермеген жаңадан іс бастап жатқан
кәсіпкерлік субъекті немесе ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйым) форматында қызмет атқаратын
тұлғалар үшін бұл оңай емес.
            Бастапқыдан жеке тұлға үшін ЖСН (жеке сәйкестендіру номері) және заңды тұлғалар
үшін БСН (бизнес сәйкестендіру номері) бар Қазақстан Республикасының тұлғалары жеке
кәсіпкерлік субъектін құру (ЖШС тіркеу) үшін құзыретті юстиция органынан электронды-
цифрлік қолтаңба алуы тиіс.   Содан кейін, криптографиялық куәлік (электронды кілт)
көмегімен Қазақстан Республикасының Электронды үкіметі порталында тұлғаны - ЖШС, АҚ,
ТК ашу үшін тіркелуі керек. Осыдан кейін, заңды тұлға қатысушылары арасындағы азаматтық-
құқықтық қатынастарды реттейтін жарғы мен құрылтай шартын мемлекеттік және орыс
тілдерінде жасап, ұйым құрылтайшыларының қолтаңбалары рас екендігін нотариалдық
жолмен растауы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік тіркеуден сондай-ақ юстиция
органдарында, тек қағаз жүзінде ғана өтеді. Коммерциялық емес ұйымдардың жарғылары мен
құрылтай шарттары құрылтайшылар қолтаңбалары растығын нотариалдық жолмен растауды
қажет етпейді.  
            Келесі кезеңдер: Мөр алу және заңды тұлға үшін банкте есептік шот ашу. 
            Бір қарағанда күрделі дәнеңе жоқ сияқты. Алайда!!!
            Жоғарыда сипатталған әрекеттер иіріміне батып кетпеу үшін біздің компания 2003
жылдан бастап кәсіби және сапалы түрде клиенттеріміздің заңды тұлғаларын мемлекеттік
тіркеуден өткізу, қайта тіркеу және оларға ары қарайғы құқықтық қолдау көрсету жөніндегі
қызмет түрлерін көрсетіп келеді.        
            Сондай-ақ, біз заңды тұлғалар қызметі барысында қажетті мөрлер мен мөртабандар
әзірлейміз.
           Қажет болған жағдайда, заңды тұлғаларды жою және қайта құру жөніндегі қызметтерді
көрсетеміз.
            Қазақстан Республикасы аумағында бөлімшелер мен өкілдіктерді есептік тіркеу
бойынша көмек көрсетеміз.
            Шетелдік заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағындағы
қызметін ұйымдастыру үшін біздің компания барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы
кәсіпорындарды тіркеу жөніндегі қызмет түрлерін көрсетеді, сонымен қатар олардың
бөлімшелері мен өкілдіктерін тіркеумен айналысады.

Біздің компания ұзақ уақыттан бері шетел тілдерінен кәсіби және жоғары сапалы деңгейде
мәтін аударатын аудармашылар тобымен серіктес болып келеді, осыған сәйкес, құқықтық
сипаттағы құжатты қысқа мерзімде аударып беруге мүмкіндігіміз бар.
Егер сізде сұрақ туындаған жағдайда,
осы беттің сол жағында орналасқан «Сұрақ қою» тетігін басыңыз

www.primepark.kz
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ
© 2014 - 2017 г.
 
Mоб.   +7 (701) 467-34-50
Тел.    +7 (727) 317-58-16